Әлем
1 мин оқу 360

Әлемде коронавирус жұқтырушылар күрт көбейген

<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дерекке қарағанда, шілде айының 13-30 күндері аралығында әлемде миллионнан астам адам коронавирус инфекциясына шалдығып, 3 мыңнан аса адам қайтыс болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ДДҰ үн парақшасының ақпараты бойынша, алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда аталмыш инфекция жұқтырушылардың саны 7%-ға өсіп, өлім-жітім саны 53%-ға азайған.

COVID-19 әлі де күшінде екені нақтыланғандықтан аталған ұйым мемлекеттерді ауруға қарсы құрған инфрақұрылымдарды әлі сақтауға шақырып отыр.

«Әлемде төрт апта ішінде 1 008 194 инфекция жұқтыру және 3 132 кісі өлімі тіркелді. Төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, COVID-19 әлі де үлкен қауіп ретінде саналады. Қадағалау, есеп беру, коронавирус дертінің алдын алу, ерте клиникалық көмек көрсету, жоғары қауіпті топтарға жататындарға қайта вакциналау жүргізу өте маңызды», делінген  мәлімдемеде.

Бөлісу:
Әлемде коронавирус жұқтырушылар күрт көбейген · Egemen Qazaqstan