Оқиға
1 мин оқу 402

Шіркеуге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе полицейлері шіркеудегі қайырымдылық қорапшасына ұрлыққа түскен Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады, &nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

3 тамыз күні сағат 15:00 шамасында М.Мәметова көшесіндегі Әулие-Николай соборының шіркеуінде белгісіз адамдар қайырымдылық қорабын сындырып, 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлап кеткені туралы хабарламаға сәйкес дереу оқиға орнына барған полиция қызметкерлері аумақты тексеріп, куәгерлерден жауап алған.

ІІМ-нің ақпаратында: «Тәртіп сақшылары шіркеуде орнатылған бейнекамералардың көмегімен тәулік ішінде күдіктіні ұстады»,  деп жазылған.

ҚР ҚК 188- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Бөлісу:
Шіркеуге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды · Egemen Qazaqstan