Спорт
1 мин оқу 580

Жүзуші Әділбек Мусин Универсиаданың финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХI Бүкіләлемдік жазғы Универсиадада қазақстандық Әділбек Мусин 100 метр қашықтықты баттерфляй әдісімен 52,34 секунд нәтижемен жүзіп өтіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жүзуші Әділбек Мусин Универсиаданың финалына шықты

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу бойынша ақтық сынға барлығы 8 спортшы қатысады.

Осыған дейін Жапонияның Фукуока қаласында өткен су спортынан әлем чемпионатында Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 51,68 секунд көрсеткішпен Қазақстанның рекордын орнатқан болатын.

6 тамыз күнгі сағат 12:00-дегі (жергілікті уақыт) жағдай бойынша Қазақстан медальдық есепте 19-шы орында тұр. Қазақстан құрамасының қоржынында 19 медаль бар: екі алтын, жеті күміс және 10 қола. Қытай көш бастап тұр (141 медаль: 78 алтын, 33 күміс және 30 қола). Екінші орында Жапония (74:19-24-31), үшінші орында Оңтүстік Корея (50:17-15-18).

Бұған дейін биіктікке секіру жарысында қазақстандық Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова финалға шықты.

Бөлісу:
Жүзуші Әділбек Мусин Универсиаданың финалына шықты · Egemen Qazaqstan