Спорт
1 мин оқу 220

Асудың алғашқы жеңісі

<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым &ndash; UFC-де өнер көрсе&shy;тетін жерле&shy;сіміз Асу Алмабаев дебют&shy;тік айқасында жеңіске жетті.</p>

Асудың алғашқы жеңісі

АҚШ-тың Нэшвиллде қаласында ұйым­дастырылған UFC турнирінің алдын ала кардында отандасымыз америкалық Оде Осборн­мен кездесті. Аса тартысты өткен айқастың екінші раундында отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен тізе бүктіріп, UFC әлеміндегі алғашқы жеңісін тойлады. Бұл – Асудың UFC-дегі тырнақалды табысы болса, ММА-дегі 14 жеңісі.

Сонымен қатар Асу Алмабаев айқасын мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін UFC тарапынан қосымша 50 мың доллар көлеміндегі сыйақыға ие болды. Жерлесімізден бөлек мұндай қаражат мерзі­мі­нен бұрын жеңіске жеткен Татьяна Суарес, Дастин Джейкоби, Диего Лопес пен Карл­стон Харриске де берілді.

Бөлісу: