Ауа райы
1 мин оқу 310
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 2023 жылдың 8-10 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
«Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтын тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында екпінді желмен, бұршақ жауады», деп хабарлады мамандар.
Синоптиктердің айтуынша, бұл ретте температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Еліміздің батыс аймақтарында ашық әрі ыстық ауа райы сақталады.
Бөлісу:
