Театр
2 мин оқу 330

Театрдың қуанышы

<p style="text-align: justify;">Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры қазіргі заманауи тенденцияларды, көркемдік-эстетикалық өзгерістерді, жаһандық әлемдегі жаңа бағыттар мен үздік шешімдерді меңгеру, театрдың бүгінгі тынысын кеңейту жолында халықаралық ірі жобаларға қатысуды негізгі жұмыс барысына айналдырған.</p>

Театрдың қуанышы

Осы орайда театр ұжымы Қазақстан ғана емес, Түркия, Ресей мемлекеттерімен қатар Еуропа елдерінің де ірі, беделді қуыршақ театр фестивальдары­на арнайы шақырту алып, үз­діктер қатарынан көрініп жүр­гендігін баса айта кеткен жөн.

2022 жылы аталған өнер ұжымы Болгариядағы Варна қаласында өткен XVII ха­лық­аралық «Алтын дельфин» қуыр­шақ театрлар фестивалінде әлемдік классиканың озық үл­гісі – «Ромео мен Джульетта» (реж. Д.Жұмабаева) қойы­лы­-
мын ұсынып, Гран-при жүл­десін, сонымен қатар театр әр­тістері Шохан Құлназаров «Ең үздік ер адам рөлі», Ұлан Асанбек және Ұлпан Серік «Ең үздік дебют» аталымдарын ­иеленген болатын.

Ал биыл Бургас қаласында (Болгария) 30 шілде мен 5 тамыз аралығында өткен ашық аспан астындағы Х халықаралық «Қуыршақ күндері» атты фес­тивальға арнайы жолдама алып, Құралай Ешмұратова­ның режиссерлігімен сахналан­ған «Қуыршақ думан» қойы­лы­мымен қатысты.

Сонымен қатар Х халық­аралық «Қуыршақ күндері» фестивалі аясында театр ұжы­мы Бургас қаласының мэрі – Димитър Николовтың арна­йы қабылдауында болып, бола­шақ­тағы бірлескен жобалар тұр­ғысында жоспар құрып тал­қылады.

Бургас мемлекеттік қуыр­шақ театрының басшысы Хрис­тина Арсеновамен шы-
­ғар­машылық кездесу ұйым­дастырылып, заманауи тех­никалық жабдықтарды қол­дана күрделі де сапалы қуыр­шақтардың дайындалуынан, жүргізілуі мен сақталуынан, театр тынысының хабар беретін экскурсиямен жалғасын тапты.

Аталған фестивальда елі­­міз­ден бөлек Болгария, Нидер-
­­ланд, Румыния мемле­кет­те­рі­нен іріктелген таңдаулы 13  ұжым өнер көрсетті. Дүбірлі до­дада Алматы Мемлекеттік қуыр­шақ театры Бургас қаласы әкім­дігінің шешімімен Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Бөлісу:
Театрдың қуанышы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар