Ақтөбеде есірткі сатқан адам 12 жылға сотталды
<p style="text-align: justify;">30 наурызда Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласы Сəңкібай батыр даңғылында орналасқан гараж кооперативінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шілде айында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарап, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Ақтөбе қаласының 34 жастағы тұрғынын кінəлі деп таныды.
Айта кетейік, одан 100,5 келі марихуана және 1 келіден астам гашиш, сондай-ақ жалпы сомасы 1,3 млн теңгеден астам ақша тəркіленді.
