Бүгінгі доллар бағамы қандай?
<p style="text-align: justify;">Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446 – 450 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 450,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 446,5 – 449,1 теңге аралығында құбылып тұр.
8 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге төмендеп, 445,93 теңге болған.
Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,88 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,64 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,53 – 4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,65 - 4,75 теңгеден сатылуда.
