Туризм
1 мин оқу 220

Жеті визит-орталық салынды

<p style="text-align: justify;">2021 жылдан бастап жеке инвесторларды тарту есебінен елімізде ұлттық парк&shy;тер мен басқа да табиғи орындарында жеті визит-орталық салынып, туристердің игілігіне берілді. Атап айт&shy;қанда, визит-орталықтар Аюсай, Түргенсай, Сартас, Шарын, Горельник, Медеу және Altynemel ұлттық парктерінде бой көтерген.</p>

Жеті визит-орталық салынды

Жақын арада Түрген және Бутаковка шат­қал­дарында да визит-орталық салына­ды деп жо­спарланған. Бүгінде елімізде туризм сала­сындағы кәсіпкерлерді мемлекет­тік қолдаудың жеті тетігі бар. Атап айтқан­да, әр туроператорлардың шығындарын суб­сидиялау, балаларға еліміз бойын­ша авиа­билеттердің құнын субсидиялау, кәсіп­кер­лерге тау-шаңғы курорттарының жабдық­та­рын, көлік құралдарын сатып алу (25%), жол бойындағы сервис нысандарын салу, ту­ристік нысандарды салу және реконструкция­лау (10%) шығындардың бір бөлігін өтеу, сон­дай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған субсидиялар (айы­на 83 300 теңге) жатады.

Бөлісу: