Президент
1 мин оқу 211

Мемлекет басшысы ASTANA VISION PAVLODAR клиникасына барды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы жергілікті тұрғындарға офтальмологиялық қызметтер көрсететін медицина мекемесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент диагностикалық-емханалық кешенін, стационар бөлімін, сондай-ақ лазер орталығы мен операциялық блокты аралап көрді.

Мекеме басшылығының айтуынша, клиника ай сайын көз ауруына шалдыққан 1000-ға жуық науқасты қабылдап, 200-ге тарта ота жасайды. Пациенттер ақылы түрде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында да диагностикадан өте алады.

Й

Клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Президент өңірлерде осындай жоғары технологиялық арнаулы медицина мекемелерінің ашылуы өте маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы орталық ұжымының жауапты қызметіне табыс тіледі.

Бөлісу: