Абай оқулары мәресіне жетті, 56 оқушы жеңімпаз атанды
<p style="text-align: justify;">Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары мәресіне жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды:
I дәрежелі дипломмен — 13 қатысушы,
II дәрежелі дипломмен — 19 қатысушы,
III дәрежелі дипломмен — 24 қатысушы.
Сонымен бірге, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:
«Бас жүлде» — Шығыс Қазақстан облысы,
1 орын — Абай облысы,
2 орын — Қарағанды облысы,
3 орын — Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.
Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауда еліміз бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар сайысқан болатын. Жас дарындар Абай оқуларына 6 номинация бойынша қатысты.