Қоғам
3 мин оқу 290

Ауылда қоқыс қалмайды

<p style="text-align: justify;">Биыл мамыр айынан бастап Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, шағын бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жарақтандыруға, &laquo;Жасыл белдеу&raquo; және &laquo;Сүт белдеуі&raquo; жобаларына бағытталған &laquo;Ауыл аманаты&raquo; бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл үшін республика бюджетінен 6,4 млрд теңге бөлінді. &laquo;Ауыл аманаты&raquo; жобасы ауыл тұрғындарына 5-7 жыл мерзімге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.</p>

Ауылда қоқыс қалмайды

«Осы уақыт ішінде біз­дің облыс бойынша 1 106 өті­нім ке­ліп түсті. Оның ішін­де жалпы сомасы 1 млрд 852 млн теңгеге 272 өті­нім мақұлданды. Қал­ған өті­німдер әзірге қара­лу­­­да. Ақ­жайық, Теректі, Сырым, Қаз­талов және Бәйтерек ­аудандары тұрғындарының белсенділігін атап өту керек. Бұл бағдарлама – өсімдік пен мал шаруашылығынан басқа техникаға сервистік қызмет, жартылай фабрикаттар өндіру, тігін цехы сияқты бағыттар­ды дамытуға жақсы мүмкін­дік», дейді «Aqjaiyq» әлеумет­тік кәсіпкерлік корпорация­сы» акционерлік қоғамының бас­қарма төрағасы Бақдәулет Ибраимов.

«Ауыл аманаты» жоба­сын­да белсенділік танытқан өңірдің бірі – Теректі ауданы екенін айттық. Шынымен де теректілік кәсіпкерлердің алды жеңілдікті несиені алып, шаруасын бастап та кеткен.

«Теректі ауданынан «Ауыл аманаты» жобасына 832 млн теңге сұраған 127 өтініш түсті. Оның 14-і – кәсіпкерлікті да­мытуға, екеуі – құс, біреуі – егін шаруашылығына, ал 110 өтініш – сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға ар­­нал­ған екен. Қазіргі таң­да осы жобалардың 30-ы ма­құл­данды, 20-сы 133,5 млн тең­ге несие алып та үлгерді. Бұл аталған 20 адам жеке кә­сіп­керлік нысанын ашып, не­сиені игеруде. Олардың ішін­­де қос кәсіпкер құс шаруашылығын дамыту бойынша жоба ұсынса, соның бірі бройлер мен жұмыртқалағыш тауық сатып алып, карантинге қойды. Енді бірі 4 инкубатор, құс азығы және т.б. қа­жетті заттарды алды», дейді Теректі аудандық кәсіпкер­лік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азат Әубәкіров.

Үкіметтің ауыл кәсіп­кер­леріне бағытталған көмегіне алдымен қол жеткізгендердің бірі – Теректі ауданының тұрғыны Саржан Ибатов. Ол ауылда қатты тұрмыстық қал­дықтарды жинақтау үшін ар­найы құрылғы сатып алған. Болашақта қайта өңдеу кәсібін де ашқысы келеді екен.

«Біз осы несиеге үш станок сатып алдық. Оның бірі тұрмыстық қатты қалдықтар – макулатура мен пластик бұйымдарды сығымдап, та­сы­малдауға ыңғайлы етіп бе­­реді. Одан бөлек, қой мен ешкі жүнін тазартып, түтіп бере­тін станок, құс мамығын тазартатын аппарат та қолға тиді. Қазірдің өзінде шағын цех ашып, ұлттық нақыштағы көрпе-төсек тігуді бастадық», дейді Саржан.

Теректілік кәсіпкердің бо­лашақ жоспары ауқымды. Мысалы, ол қазір тұрмыстық қал­дықтарды Орал қаласына апа­рып тапсырып жүр. Ал бо­лашақта шағын цехтар ашып, полиэтиленнен өрнектас, қа­ғаз­дан дәретхана қағазы се­кілді дайын өнім шығаруды қолға алмақ.

Шыны керек, қазір тұр­мыстық қалдық, әсіресе, ауыл­дық жерде үлкен мәселеге айналып бара жатыр. Соның ішінде табиғатқа ыдырап ке­туі қиын пластик бұйымдар эко­логиялық апатқа айналған. Міне, осындай қалдықтарды жинайтын, сөйтіп елді мекен­дерді қоқыстан тазалайтын бастаманың мәні үлкен. Эко­логияны сауықтыратын мұн­дай кәсіппен айналысатын кәсіп­керге мемлекет тарапы­нан субсидия берсе де артық емес сияқты. Алайда қазір тұрмыстық қалдықтарды жи­нап тапсыру өте тиімсіз. Ма­кулатура мен пластиктің ба­ғасы ішкі нарықта тым арзан. Жинаған, тасымалдап жет­кізген шығынды өтемей қа­ла­тыны рас. Мысалы, макулатура орташа есеппен 20-30 теңгеге, пластик қал­дықтар 5-10 теңгеге ғана баға­ланады. Ал кәсіпкер қыз­меткерлеріне жалақы төлеуі керек, кәсібін дамытуы қажет.

«Дегенмен «Ауыл аманаты» жобасы ауыл шаруалары үшін өте тамаша бастама болды. 2,5 пайызбен ғана бе­рілетін несиеге бір жыл каникул қарастырылған. Несие аларда корпорация маманда­ры мән-жайды толық түсінді­ріп, барынша көмектеседі. Егер кә­сіпкердің құжаты дұрыс бол­са, ешқандай кедергі жоқ. Өз басым 4,6 млн теңге не­сиені оңай алдым. Бұйырса 5 жыл­дың ішінде қайтаруым ке­рек», дейді С.Ибатов.

Көп кешікпей Теректі ауда­нының елді мекендерінде тұр­мыстық қалдықтарды ірік­теп жинайтын арнайы жәшік­тер қойыла бастамақ. Бүгінде өркениеттің бір өлшемі тұр­мыстық қалдықтарды өңдеу, қалдықсыз технологияға көшу десек қателеспейміз. Ендеше, Теректі ауданы өркениеттің табалдырығынан аттады дер едік.

п

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу: