Білім
2 мин оқу 400

Үздік жас математик

<p style="text-align: justify;">АҚШ-та өткен Copernicus Olympiad білім бәсекесіне әлем&shy;н&shy;ің 23 елінен 360-қа жуық оқу&shy;шы қатысты. Қазақстан намы&shy;сын арнайы іріктеуден өт&shy;кен 51 оқушы қорғады. Оның қа&shy;та&shy;рында Әли Насырбек те бар.</p>

Үздік жас математик

Әли Астанадағы «Nurorda» мекте­бінің 4-сыныбында оқиды. Ол Нью-Йоркте ұйымдастырылған олим­пиадада топ жарды.

– Математика – менің қалауым. Оған дайындалу үшін IELTS бағдар­ламасын қолданамын. АҚШ-тағы сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең онлайн форматта өтті. Оны еңсергендер финалға жолдама алды. Бірінші кезеңге 1 сағат 30 минут берілді. Тапсырма 20 сұрақтан тұрды. Финалдағы тапсырма саны 25 сұрақты қамтыды. Болашақта Массачусетс технологиялық институтына түскім келеді. Инженерлік бағытты ұнатамын, – дейді Әли.

Үш күнге созылған олимпиада кезінде қатысушылар Колумбия, Бостон, Гарвард, Массачусетс секілді оқу орындарын аралап көрді.

– Интеллектуалды сайыс туралы Әлидің сынып жетекшісі айтқан еді. Жалпы, Copernicus Olympiad бәсекесі биыл төртінші рет өткізілді. Дәстүр­лі олимпиадаға Қазақстан алғаш рет қатысты. Ереже бойынша фи­нал­ға өту үшін бірінші кезеңде қаты­сушылардың алғашқы 40 пайы­зының қатарына қосылу керек болды. Әли тыңғылықты дайындалды. Соның нәтижесінде жеңіске жетті. Олимпиададан бірінші орын алып келу керек деген мақсатты көзде­медік. Қатысып, тәжірибе жинаса екен дедік. Бақытымызға орай, бағы жанып, олжалы оралды, – дейді оқу­шының әкесі Нұрбол Төлебаев.

Айтпақшы, халықаралық сайыс­тан топ жарып, білімі мен дарыны­ның арқасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушы дом­быраның құлағында ойнайды, жүзу мен шахматты да жетік меңгерген. Сонымен қатар каратэнің көк белбеу иегері. LEGO-ның роботтехника курсына да қатысады.

Салтанат БАЙТЕКЕНОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 4-курс студенті

Бөлісу:
Үздік жас математик · Egemen Qazaqstan