Қоғам
1 мин оқу 270

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті уақытша жабылады

<p style="text-align: justify;">Осы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан &laquo;Бақты&raquo; автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізілуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің&nbsp; баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті уақытша жабылады

Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған.

Осыған байланысты, Комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында «Бақты» өткізу пунктінің жабылатыны туралы хабарлайды.

«Бақты» өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті уақытша жабылады · Egemen Qazaqstan