Астанада үш мыңға жуық жарнамалық жазулар алынып тасталды
<p style="text-align: justify;">Елорданың сырт келбетін дизайн-кодқа сәйкестендіру мақсатында жыл басынан бері елорданың бес ауданында үш мыңға жуық жарнамалық билборд, маңдайша мен жарнамалар алынып тасталған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Ғимараттардың қасбетінен дизайн кодқа сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Елорда тұрғындарының көзқарасынша, қаланың сырт келбетін реттеу өте маңызды, себебі бұл іс-шаралар Астананы құлпыртады әрі заманауи етеді.
Айта кетелік, бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн кодын түсіндіру және алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізеді. Кәсіпкерлермен тиісті әңгімелер жүргізіледі, дизайн кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.
Еске салайық, осы жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған еді.
