Әмір Омарханов Мысырдағы ірі турнирде топ жарды
<p style="text-align: justify;">Теннистен Мысырдың Дакахлия қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған додада өнер көрсеткен 15 жастағы дарынды теннисшіміз Әмір Омарханов жарыстың бас жүлдесі үшін өткен сайыста ресейлік Артем Богомоловпен шеберлік байқасып, аса тартысты бәсекеде 5:7, 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Финалдық сайысқа дейін Әмір қарсыластарына бірде-бір сет бермей қапы қалдырғанын айта кеткен жөн.
Отандасымыз осы жеңісінің арқасында жасөспірімдер арасындағы ITF рейтингінде бірден 66 саты жоғарылап, 198-орынға көтеріліп алды.
Сондай-ақ Қарағанды теннис мектебінің түлегі бұл күндері Мысырдағы тағы бір үлкен жарысқа қатысып жатыр. Ол кеше Каирдегі J 100 турнирінің алғашқы айналымын сәтті бастап, жергілікті теннисшіден 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.
