Аймақтар
1 мин оқу 323

Қазақстанда жаңа университет құрылды

<p style="text-align: justify;">Үкіметтің осы жылғы 17 тамыздағы қаулысымен мемлекеттік жаңа университет құрылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын», делінген құжатта.

Аталған жаңа оқу орны Жезқазған қаласында.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары − техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында білім беру қызметтерін көрсету.

Қол қойылған күннен бастап Қаулы күшіне енеді.

Бөлісу:
Қазақстанда жаңа университет құрылды · Egemen Qazaqstan