Құқық
1 мин оқу 172

Қала қайтсе қауіпсіз?

<p style="text-align: justify;">Құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыстық істі әшкере етуде бейнебақылау камераларының пайдасы зор болып тұр.</p>

Қала қайтсе қауіпсіз?

Осы мақсатта Қарағанды облысында «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қосымша 133 бейнебақылау камерасы орнатылады. Жобаны облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы полиция де­пар­таментімен бірлесіп жү­зеге асырып келеді. Жылға жос­парланған «Қауіпсіз қала» жобасы 2021 жылы іске қосылды. Бүгінде 2 859 камера мен 110 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған.

«Биыл аудан әкімдерінен және тұр­ғын­дардан қосымша камералар мен аппа­раттық-бағдарламалық кешен ор­натуға сұраныс пайда болды. Біз жаңа бағдарламаны әкімшілік полиция басқармалары, Қарағанды облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және Қарағанды қаласы полиция бас­қармасымен келістік. Шілде айын­да 24 жылдамдық өлшегіш пен 133 бейнебақылау камерасын орнатуға қаражат бөлінді», дейді «Қауіпсіз қала» жобасының менеджері Павел Ортнер.

Қосымша 133 қауіпсіздік камерасы тамыз айының со­ңына дейін орна­тыл­мақ. Бұл – ста­ти­калық ка­мералар. Ма­­ман­­дар «құ­­рыл­ғылар су­ретке сапалы түсіреді» дейді.

Тамыз айында қосымша аппараттық-бағдарламалық кешен іске қосылды. Қарағанды, Теміртау және Саран қала­ла­рында жаңа жылдамдық өлшегіштер пайда болды. Ап­параттық-бағ­дар­ла­м­алық ке­шен алғаш рет Шах­тинск қала­сында орнатылды. Тұрғын­дар­дың өтініші бойынша Жол қозғалысы ережелерін тір­кеудің тағы бір құралы Абай ауданындағы Дубовка ауылының маңына қойылды. «Соның нә­тижесінде бұл жол учаскесінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері күрт төмен­де­ді», дейді П.Ортнер.

Қарағанды облысы

Бөлісу: