Спорт
1 мин оқу 170

Жүлдеге қол жеткізе алмады

<p style="text-align: justify;">Әзербайжанның бас шаһары &ndash; Бакуде нысана көздеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр.</p>

Жүлдеге қол жеткізе алмады

Стенд атудан Александр Ещенко фи­налға бір қадам қалғанда тоқтады. Ол 125 мүмкіндіктен 123 ұпай жинады.  Нәтижесінде, Ещенко жетінші орынға ие болды. Әйелдер арасында Әсем Орынбай 120 рет нысананы дәл көздеп, 14-орынды иеленді. Ерлердің  командалық сайысында Қазақстан командасы бесінші орынға ие болды (375-тен 362 нысана). Әйелдер құрамасы оныншы нәтиже көрсетті (375-тен 346 нысана).

Аралас командалар арасындағы жарыс­та Зоя Кравченко мен Давид Почивалов 150-ден 143 нысананы, ал Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко 150-ден 142 нысананы жапты.

Бөлісу:
Жүлдеге қол жеткізе алмады · Egemen Qazaqstan