Президент
1 мин оқу 283

Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!

Ата Заң – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын бас­ты құжатымыз.

Жалпыұлттық референдум арқылы жаңар­тылған Конституциямыз ұлтты ұйыстырудың нағыз символына айналды. Сондай-ақ негізгі заңы­мыз елдің сая­си жүйесін демократияландыру­ды, заң үстемдігін қам­тамасыз етуді және халық­тың әл-ауқатын арт­ты­руды көздейтін ауқым­ды өзгерістердің берік тұғыры саналады. Консти­туциялық соттың құ­рылуы – осындай инсти­ту­цио­налды реформаның бірі. Бұл құрылым аза­мат­тардың құқықтары мен бос­тан­дықтары қорғалатынына әрдайым кепілдік бере­тін Ата Заңымыздың рөлін мейлінше арттырды.

Жалпыға бірдей жол ашатын Әділетті Қазақ­станды құру үшін Конституция қағидалары қатаң сақталып қана қоймай, қоғамның сана-сезіміне біржола орнығуға тиіс. «Адал азамат» деген атқа лайық әрбір адам Ата Заңның биік мұраттарын қолдайтынына және оны өмірлік ұстанымына айналдыратынына нық сенімдімін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Бөлісу:
Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады · Egemen Qazaqstan