Спорт
1 мин оқу 210

Рыбакина айқассыз-ақ үшінші айналымға өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US OPEN) үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Рыбакина айқассыз-ақ үшінші айналымға өтті

Әлемдік рейтингте 4-сатыда тұрған Елена Рыбакина бәсі биік  доданың  екінші айналымында аустралиялық  Айла Томляновичке қарсы кордқа шығуы тиіс еді. Бірақ 30 жастағы қарсыласы (әлемдік рейтингте 127-орында тұр) жарақатына байланысты тартыстан бас тартты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Е.Рыбакина  былтыр АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында күтпеген жерден сүрініп, әлемдік рейтингте 131-орындағы қарсыласына есе жіберген болатын.

Бөлісу: