Спорт
2 мин оқу 290

Шаған шыңына шықты

<p style="text-align: justify;">Тауға шығудың да мәде&shy;ниеті бар. Қазір өңірде туризмге барынша көңіл бөлініп келеді. Осы рет&shy;те Бұрқанбұлаққа бауы&shy;р басып, Шаған шы&shy;ңына шығуға асыққан жас&shy;тардың саны арта түсті. Олардан үлкен&shy;дер де қа&shy;лысар емес. Күні кеше Көксу ауданы&shy;на қарасты Ақтекше ауылында &laquo;Адал&shy;дық шы&shy;ңын&shy;да бол!&raquo; ұра&shy;нымен рес&shy;&shy;публикалық &laquo;Шаған тау &ndash; 2023&raquo; марафоны өтті.</p>

Шаған шыңына шықты

Спорттық іс-шара таңғы жаттығумен басталды. Әр аймақтан келген спортшылар дене қыздырып, бәсекеге белсене дайындалды. Әрқайсысы «жеңіске жетем» деген үміттің жетегінде жігерленді.

Жарысқа өңірдегі белсенді жастар, спортшылар, әуесқой жеңіл атлеттер, облыс тұр­ғын­дары мен қонақтары қатысты. Олар 18-ден жоғары және 40-тан жоғары жас санаттары бойын­ша бақ сынасты.

Игі істің өтуіне мұрындық болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті, облыстық қоғамдық даму бас­қармасы, Көксу ауданының әкімдігі, «Jetіsý jastary» КММ-ның филиалы «Koksý jastary».

Тау жарысын ұйымдас­тырудағы басты мақсат – жас­тардың бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілікті қалыптастыру. Сонымен қатар Жетісу облы­сының тұрғындары мен қонақ­тарын саламатты өмір салтына ынталандыру.

Бұл додаға барлығы 150-ден аса адам қатысты. Нә­ти­­жесінде, 13 шақырым қа­шықтық бойынша ерлер ара­сында бірінші болып мәре сы­зығын Аман Нұркелді, екін­ші болып Айбол Омар кесті. Үшінші орын Есенбол Жа­ңа­бекке бұ­йыр­­­ды. Ал әйелдер арасын­да бі­рінші орынды Ай­жан Рах­ман, екінші орынды Жанлин Ростовецкая еншіледі.

6,5 шақырым қашықтыққа жүгіруде ерлер арасында же­ңімпаз Данияр Орманғали атан­ды. Екінші орын Ислам Аман­­ғосқа, үшінші орын Әкім Ер­кебайға бұйырды. Ал әйел­дер арасында Ақбаян Нұр­­маммет бірінші келді. Мә­реге екінші бо­лып Жұлдыз Ах­метова жет­ті. Үшінші орынды Файруза Ат­шабарова алды.

6,5 шақырым қашықтық бойынша 40-тан жоғары жас санаты арасында бірінші орынды Ержан Жанмаилов жеңіп алса, екінші орынды Асқар Қо­жанов еншіледі. Үшінші орын Сұңғат Қайыртаевқа бұ­йырды. Жеңімпаздар мен жүл­дегерлер Алғысхатпен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Шаған шыңына шықты · Egemen Qazaqstan