Қоғам
1 мин оқу 333

Екі ауылдың тұрғындары газдан уланды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысындағы екі &nbsp;ауылдың тұрғындары газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Екі  ауылдың тұрғындары газдан уланды

«Кеше кешкі  сағат 20.00 шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши ауылдарының тұрғындары газдың иісінен тұншығып шағымданған. Шұбарши газ тарату станциясының жұмысы толығымен тоқтап, жоспарлы жөндеу жүргізуге байланысты газдан ажыратылғған. Газ жіберу тоқтатылып, бұрандалы кран ауыстырылғанда ауаға  «одорант» газы жайылған.  

«Жергілікті тұрғындардан шағым түскеннен кейін «Техногаз» ЖШС мамандары Кеңқияқ, Саркөл ауылдарының тұрғын үйлерін аралап шықты. Нәтижесінде газдың таралу деректері анықталған жоқ. Ал Кеңқияқ ауылының ауруханасына 6 тұрғын (Кеңқияқ ауылынан – 4 тұрғын, Саркөл ауылынан – 2 тұрғын) газбен улану белгілерімен жүгінді. Қазіргі уақытта барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Басқа зардап шеккендер жоқ. Осы дерек бойынша экология, СЭС және Төтенше жағдайлар департаментіне дер кезінде хабар берілді, жағдай тұрақты, бақылауда», делінген хабарламада.

Бөлісу: