Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздармен дидарласты
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында өткен «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығу жиынына қатысып, далалық әскери лагерьде дайындық өткізіп жатқан сарбаздармен тілдесіп, жағдайын сұрады.
«Астанадан оқу-жаттығу жиынын бақылау үшін арнайы келдім. Елге, Отанға қызмет етуден артқан қызмет жоқ», деді Мемлекет басшысы.

Жауынгерлер де Президентпен дастархан басында емін-еркін әңгімелесті.

«Мен қашанда жастарды қолдап, қуаттап жүремін, еліміздің болашағы жастардың қолында», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.


