Қоғам
3 мин оқу 210

Бар игілік – балаларға

<p style="text-align: justify;">Дәстүрлі Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өтті. Жыл сайын &laquo;Болашақ&raquo; корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 2012 жылдан бастап Қысқы қайырымдылық балын өткізіп келеді.</p>

Бар игілік – балаларға

Қысқы қайырымдылық балы – дәстүрлі түрде бизнестің, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайтын өз тарихы бар бірегей бал. 11 жыл бойы балдың қонақтары классикалық вальс­тен латиноға дейін дебютанттардың биі, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ іс-шараның серіктестерінен жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Биыл Қысқы қайырымдылық бал іс-шараларының басталуы, атап айтқанда, дебютанттар кастингі Қаллеки театрында салтанатты түрде өтті. XIV Қысқы қайырымдылық балының дебютанты атанудың құрметі үшін 300-ге жуық адам тартысты. Еске салсақ, бұған дейін­гі уақытта дебютанттар кастингіне 6 мың­нан астам үміткер қатысты, ал балға 148 жұп дебютант бақ сынады. Ғажайып кештің себеп болуымен 6 жұп дебютант жолдары түйісіп, шаңырақ көтерді.

Іріктеудің екі кезеңінен – хорео­графиялық байқаудан және ұйымдасты­рушылармен әңгімелесуден сәтті өткен 30 үміткер дебютант атанды. Олар енді үш ай бойы балда орындай­тын әртүрлі кәсіби бал билерін үй­ренеді. Дебютанттарды биге Қысқы қайы­рым­дылық балдарын қоюшы-хореограф, хореография факультеті деканының орынбасары, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқы­тушысы – Евгений Моисеев дайындайды.

«Осы балдың арқасында біз құқықтар мен мүмкіндіктер тең инклю­зивті, ашық қоғам құрып жатырмыз. Балдардан түскен қаражатқа ерекше балалары бар отбасылардың өмір сүру сапа­сын, инклюзивті білім беру саласын­да мамандарды даярлау сапасын және соның нәтижесінде инклюзивті білім беру саласында көрсетілетін қызмет­тердің сапасын арттыратын бүкіл әлемде қабылданған озық әлемдік тәжі­ри­белерді, ғылыми дәлелденген тиімді әдістемелерді енгізеді. Сонымен қатар ел бойынша инклюзивті алаңдар желісін құрдық. Елдегі тұңғыш мінез-құлық талдаушыларын оқыттық, бүгінгі таңда енді олар ерекше балалармен жұмыс істейтін жүздеген педагогтер мен мамандарды оқытып жатыр», дейді «Болашақ» корпоративтік қоры Қам­қоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Жиналған қаражат «Болашақ» қо­рының ерекше қажеттіліктері бар балалар мен дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталды. XIV Қыс­қы қайырымдылық балына «Нұрбанк» АҚ және «Hilton Astana» қо­нақүйі демеушілік көрсетті. Сонымен қатар «Amanat» партиясы мен «The sun» дид­житал агенттігі кастингке қолдау көр­сетті. XIV Қысқы қайырымдылық балы Астанада 8 желтоқсанда «Hilton Astana» қонақүйінде өтеді.

Айта кетейік, балдар өткізілген 11 жыл ішінде 150-ден астам демеуші мен серіктес тартылып, 880 миллио­н теңгеден астам қаражат жинады. Түскен қара­жатқа 85 мамандандырылған оңал­ту мекемесі ашылды және жарақ­тан­дырылды, оның ішінде бүкіл Қазақ­стан бойынша 56 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам бала мектепке баруға мүм­кіндік алды. 3000-нан астам маман оқытылып. 500-ден астам жұмыс орны құрылды. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше қажет­тіліктері бар адамдарға 120-дан астам білім беру және жол жүру гранттары берілді. Сондай-ақ «Болашақ» қоры инклюзивті білім беруді дамытуға қа­тысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне 80-нен астам сапалы ұсыныстар мен түзетулер енгізді.

Бөлісу:
Бар игілік – балаларға · Egemen Qazaqstan