Спорт
1 мин оқу 240

Ең үздік спринтер

<p style="text-align: justify;">Бір тәулікке созылған демалыстан соң Пиреней түбегінің солтүстік-батысында орналасқан Вальядолид қаласында &laquo;Испания Вуэльтасы&raquo; өз жалғасын тауып, 10-кезеңнің үздіктері анықталды.</p>

Ең үздік спринтер

Спринтерлер сайысында италиялық Филиппо Ганна шашасына шаң жұқтырмады. «INEOS Grenadiers» клубының сапында өнер көрсететін 27 жастағы велошабандоз 25,8 шақырымдық қашықтықты 27 минут 39 секундта жүріп өтті. Сөйтіп, Токио Олимпиадасының жеңімпазы, Еуропа және әлемнің екі дүркін чемпионы өзінің кезекті қомақты жеңісіне қол жеткізді. Екінші орынды иеленген Бельгияның беткеұстары Ремко Эвенепул («Soudal - Quick Step») басты қарсыласынан 16 секунд қалып қойды. Үздік үштікті Словения саңлағы Примож Роглич («Jumbo-Visma») түйіндеді. «Астананың» серкесі Давид Де ла Крус 26-орынды қанағат тұтты.

Жалпы есепте америкалық Сепп Кусс («Jumbo-Visma») әлі де көш басында. Оны испаниялық Марк Солер («UAE Team Emirates») өкшелеп келеді. Ал франциялық Ленни Мартинес («Groupama – FDJ») Ремко Эвенепулге өз орнын босатты.

Бөлісу:
Ең үздік спринтер · Egemen Qazaqstan