Футбол
1 мин оқу 554

Қазақстан голы Еуро-2024 іріктеуінде ең әдемі деп танылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Финляндияның Yle Enheilu басылымы футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчында Данияға қарсы голын жоғары бағалады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz-ке сілтеме жасап.</span></p>

БАҚ қазақстандық жартылай қорғаушының голын ең әдемі деп таныды.

«Супер жұлдыздардың жоқтығына қарамастан, Қазақстан футболшылары өзге құрама мүшелерінен ерекшелене алды. Асхат Тағыбергеннің даниялықтардың қақпасына соққан «зеңбірек соққысын» барлық біліктіліктегі ең әдемі гол деп санауға болады», деп жазды басылым.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Қазақстан құрамасы Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңген еді.

Бөлісу:
Қазақстан голы Еуро-2024 іріктеуінде ең әдемі деп танылды · Egemen Qazaqstan