Пікір
2 мин оқу 163

Басты бағыт – инфрақұрылымды дамыту

<p style="text-align: justify;">Президент жыл өткеріп әлеуметтік салаға көп назар аударатын еді. Биыл экономиканың барлық саласын кешенді дамытуға мән берілгендей. Осы тұрғыдан келгенде Жолдау ерекше болды деп топшылауға болады. Тоқталайық.</p>

Басты бағыт – инфрақұрылымды дамыту

Ең бір ескерілмей келе жатқан күрмеулі мәселелерге су, энергия тапшылығы, инфрақұрылымды дамыту сынды түйткілдер сауатты бір шешімін күтіп тұрғаны жалпыға аян. Бұдан бөлек, бюд­жеттік қатынастарды рет­теу де бар.

Су шаруашылығымен айналысатын жеке салалық министрліктің құрылуы ма­ған ерекше әсер қалдырды. Биылғы жаздағы қуаңшылық іс жүзінде көп түйткілдің бетін ашты. Біздіңше бұл жаңа құрылым ұлан даламызды сумен қамту, тұтастай алғанда суды үнемдеуге де игі ық­палын тигізеді деп ойлауға болады.

Судан кейінгі маңыз­ды­сы – жол сапасы. Жол жайлы болуы үшін стандарт қабылдануы түсінік­ті. Жол қауіпсіздігі экономи­ка­мыз­дың өркендеуіне бірден-бір фактор.

Ендігі бір ойланарлық жайт. Атом стансасын салу не салмау сауалы қазір бә­рі­міздің алдымызда кесе көлденең тұр. Семей зардабынан соң бұл біздің жүй­ке­міз­де де, жүрегімізде де қара дақ болып қалып қойған. Жа­пониядағы жарылыстарды алалық. Чернобыльдегі апат. Жойқын жарылыстар сал­дарын бұқара әлі күнге дейін тартып келеді. Бұл та­қы­рыпқа оралмақ түгілі, айтудың өзі санамызға сарсаң мен үрей ұялатады. Осындай күрделі сауалды халықтың еншісіне қалдырудың өзі ел­дің болашағына деген терең сенімнің көрінісі деп бағам­дар­лық. Атом энергетикасы Қазақстанға қажет! Бұл менің жеке пікірім. Осы арада сала­лық мамандардың даярлануы деген дүние қылаңы­та­ды. Кімнің технологиясын аламыз? Еуропаның дамыған қауіпсіз технологиясын ен­гізу­дің өмірлік мәні бар. Ре­фе­рендум – осы сұрақтың өр­кениетті жауабы.

Жергілікті басқаруды әрі қарай дамыту. Аудан және қала әкімдерінің сайлауы. Әр аймақ басшысы жа­уап­кершілікті алуы үшін қазы­налық дербестігі болуы шарт. Корпаративтік салық. Қо­сыл­ған құн салығы. Бюд­жет­ара­лық қоғалыстың қо­ла­йын жағатын амалдар мұ­ның бәрі. Түптеп келген­де қар­жы­лық саясаттың оңтай­лан­уы әр ай­мақ­тың еркін дамуына тың мүм­кіндік.

Серікжан БАЙБОСЫНОВ,

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы

Қарағанды облысы  филиалының директоры

Бөлісу: