Президент
1 мин оқу 250

Мемлекет басшысы SINOPEC корпорациясының президентін қабылдады

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының президенті Юй Баоцайды қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысына SINOPEC компаниясының еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.

Бөлісу: