Спорт
1 мин оқу 731

Қазақ елінің балуандары - әлем чемпионы!

<p style="text-align: justify;">Қырғызстанның &nbsp;Бішкек қаласында грек-рим және еркін күрестен есту қабілеті зақымданған&nbsp; спортшылар &nbsp;арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Балуандарымыз грек-рим күресінен &nbsp;3 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль иеленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Спорт және денешынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап. &nbsp;&nbsp;</p>

Қазақ елінің балуандары - әлем чемпионы!

Жастар арасында  Андрей Самарин (67 кегі), Рамазан Әбдірәсіл (97 келі)  әлем чемпионы атанса,  Сұлтан Бабашев (63 келі),  Денис Прогудин (72 келі) – күміс, Азамат Мырзаев (77 келі),  Мұхаметәли Тілеумбетов (82 келі)  қола медаль олжалады.

Ересектердің белдесуінде Нұржан Асан 82 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының алтын медалін еншіледі.  Абылайхан Орманов (63 келі) және  Хайратхаан Шонку (130 келі) қола жүлдегер атанды.

Бішкектің боз кілемінде енді еркін күрес балуандары әлем чемпионатының медальдары үшін белдесуге әзір.   

Бөлісу:
Қазақ елінің балуандары - әлем чемпионы! · Egemen Qazaqstan