Оқиға
1 мин оқу 260

Қызылорда облысында газдан уланған екі бала көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін, 11 қыркүйекте таңғы сағат 7:15-те Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйде болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алдын ала болжам бойынша Н.Бекежанов көшесіндегі жеке тұрғын үйде табиғи газдан 2017 және 2020 жылдары туған екі бала уланып, көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 1 қызметкер барды», делінген департамент хабарламасында.

ТЖД өкілдері газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қызылорда облысында газдан уланған екі бала көз жұмды · Egemen Qazaqstan