Пікір
1 мин оқу 173

Жастарға сенім артты

<p style="text-align: justify;">Жастарымыз білімді, білікті болса, еліміз дамиды, экономика&shy;мыз көтеріледі. Сондықтан қазір жаңа өмірге қадам басқан сту&shy;дент&shy;тер мен жас ғалымдарға жағдай жасау, оларды мемлекет тара&shy;пынан қолдап, әртүрлі бағдарламаны іске асырудың ма&shy;ңызы зор.</p>

Жастарға сенім артты

Қазір университеттерде жатақ­ханалардың жетіспеуі, ЖОО-ны бітірген жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерінің өзекті екенін ескеруіміз қажет. Жұмыс істейтін жас отбасыларға Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей араласуымен мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана мәсе­лесін шешу де маңызды мә­селе. Сондай-ақ жоғары оқу орнын бітірген студенттерден «жұмысқа орналасты» деген өтірік анықтама алдыртуды шек­тей­тін уақыт жет­ті. Өкінішке қарай, бүгінде бұл үрдіс белең алып тұр. Осын­дай олқылықтарды шешетін бол­­сақ, елімізде білімді жастар тұрақтайтын еді. Өйткені білікті, білімді, ойы ұшқыр көп­теген жастың шетел асып кетіп жатқаны баршамызға бел­­гілі. Осының бар­лығы жас буынға жағдай жа­сау­дың сал­ғырт­тығынан туындап отыр.

Тағы бір айта кететін мәселе мемлекеттік идеологияның на­­шар жұмыс істеуімен байла­ныс­ты. Біз жастарды отан­сүйгіштікке, мемлекетке деген адал­дыққа үйре­туі­міз қа­жет. Оның барлығы бала­бақ­шадан бас­та­лу­ға тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қы­на арнаған Жолдауында жас­тар саясатына қатысты бір­қа­тар мәселеге тоқталды. Солар­дың бірі жастарды дамыту мен оларды қолдауға арналған бағ­­дарлама қажет екенін айтты. Ендігі міндет – осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүр­гізуге бай­ланысты.

Тимур ӘПЕНДИЕВ,

Ш.Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институты жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, PhD

Бөлісу:
Жастарға сенім артты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар