Аймақтар
1 мин оқу 740

Жамбыл облысында үшем дүниеге келді

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында 32 жастағы әйел үшем дүниеге әкелді. Жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз. Бұған дейін егіз ұл босанған келіншек осылайша көпбалалы ана атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тараздағы перзентханадан Найзабековтар отбасы ша­ңы­рақтарына үлкен қуанышпен оралды. Бір емес үш бірдей қыздың әкесі атанған Нұрбол Найзабеков – мемлекеттік қызметкер. Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінде бас инспектор болып қызмет атқарады. Ал анасы − Гүлжан Әбдібаева №17 И.Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Үшем қыздар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 490 грамм болса, екіншісі − 2 300, үшіншісінікі 2 700 грамға жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы қыздарының есімдерін Аяна, Айша, Айла деп қойыпты. Гүлжан Әбдібаеваның айтуынша, әулеттерінде күйеуі мен өз жағынан да егіздер бар.

«29 тамызда дәрігерлер жүктілігімнің 33-аптасында жоспарлы түрде кесарь тілігімен босандырды. Қатты қиналмадым. Операция сәтті өтті. Қыздарым шала туғандықтан демалуы қиындап, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ертесіне балаларым неонатология бөліміне ауыстырылды. 3-4 күннен кейін денелері сарғыштанған соң, сәуле терапиясын қабылдадық. Дәрігерлерге рақмет, жақсы қарады. Қыздарымның жағдайы жақсарған соң екі аптадан кейін ғана үйге шықтық», деді үшемнің анасы.

Бөлісу:
Жамбыл облысында үшем дүниеге келді · Egemen Qazaqstan