Жәнібек Әлімханұлы: Канелоны 1-раундта сұлатамын
<p style="text-align: justify;">Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы деген атағы бар Сауль Канело Альваресті (59-2-2, 39 КО) жекпе-жекке шақыратынын, бірақ мексикалық боксшы сырғақтап жүргенін байқағанын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ES News арнасына берген сұхбатында Жәнібек Канелоның сырғақтауын қашудың амалы екенін мәлімдеді.
«Қорықаннан кейін түрлі сылтауды сөз етіп жүр. Ол жекпе-жекке шығуға келісім беріп, рингте тоқайлассақ мен оны 1-раундта-ақ сұлатамын. Қазақ боксының стилін әлем алдында паш етіп, тарихта қалдыруға күш салып келеміз, біз соған жетеміз. Сауль Альвареске айтарым, қашқақтамай жекпе-жек өткізуге келісім берсін, біздің бокстың дәмін көрсін», деді Жәнібек Әлімханұлы.
