Спорт
2 мин оқу 280

Олимпиада комитетінің марапаты

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы &laquo;Интер&shy;кон&shy;тиненталь&raquo; қонақүйінде Ұлттық Олим&shy;пиада коми&shy;тетінің (ҰОК) құрылғанына 30 жыл толуына орай үлкен мерекелік іс-шара өтті. Оған атал&shy;&shy;ған ұйымның пре&shy;&shy;зиденті Тимур Құ&shy;лы&shy;баев және осы са&shy;ланың басы-қа&shy;сында жүрген көп&shy;те&shy;ген азамат қатыс&shy;ты.</p>

Олимпиада комитетінің марапаты

Алатау бөктерінде өткен сал­­­танатты іс-шара барысында Владимир Смирнов, Ермахан Ыбы­райымов, Ольга Шишигина және Александр Винокуров ҰОК-тың орденімен марапатталды. Бұл есімнің барлығы да жан­күйерлерге етене таныс. Мәселен, В.Смирнов – тәуел­сіз Қазақстан спорты тари­хын­дағы тұңғыш Олимпиада чемпионы. Бұл атаққа ол 1994 жылы Лиллехаммерде алауы тұ­танған қысқы ойындарда қол жеткізді. Сол кезде даңқты шаң­ғышымыз 50 шақырымдық қашық­тықта алдына жан салмай, Скан­динавия түбегінде Қазақ елінің әнұранын шырқатты. Одан бөлек, Владимир Олим­пия ойындарында тағы 4 күміс пен 2 қоланы ол­жалап, әлем чемпионат­тарында 11 (4 алтын+4 күміс+2 қола) рет жеңіс тұғырына көтерілді.

Боксшы Е.Ыбырайымов – Сид­ней Олимпиадасының жеңім­пазы, Атланта Олим­пиада­сының қола жүл­дегері. Жуан жұды­рық­ты жігітіміз 1997 жылы Бу­да­пешт­тегі әлем чем­пио­натының фи­налында күш сынасса, 1999 жылы Хьюс­тонда қола ме­дальді мой­нына ілді. Желаяқ О.Шишигина – Сиднейде өткен Олимпия ойындарында алтыннан алқа тағып, дүниежүзілік додада екі рет жүлдегерлер санатына қосылды. Велошабандоз А.Винокуров ғасырлар тоғысында Олимпиаданың күмісіне қол соз­са, 2012 жылы Лондонда жеңіс тұғы­рының ең биік сатысына кө­терілді.

Есімдері жоғарыда аталған саңлақтардан бөлек, Жандос Кө­кімов, Мәлік Нәдірбеков, Мү­сілім Дайырбеков, Аманкелді Рым­­құлов, Тұрсынғали Еді­лов, Юрий Гуськов, Вадим При­­сяж­нюк, Алек­сей Казаков, Елена Хрус­­талева, Дмитрий Балан­дин және тағы басқа мамандар мен бап­керлер, спортшылар ҰОК-тың медалін кеу­десіне тақты. Ма­­рапатталғандардың қата­рын­да Есей Жеңісұлы, Галина Му­лен­кова, Галина Полевая және Сер­­гей Райлян секілді өзі­міз­дің әріп­­тес-журналистер де бол­ды.

Бөлісу: