Ауа райы
1 мин оқу 181

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктер ұсынған мәліметке қарағанда, алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде екпінді жел соғады.

«Солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі», делінген хабарламада.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 градус жылы болады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жылдың осы уақытына сай салыстырмалы түрде қолайлы болады: түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 градус, күндіз 20-28 градус жылы болады.

Бөлісу:
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды · Egemen Qazaqstan