Теннис
1 мин оқу 155

Юлия Путинцева Осакадағы турнирдің финалында сүрінді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жұптық сында Осакадағы (Жапония) турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Қазақстан теннисшісі ресейлік Анна Калинскаямен бірге финалдағы матчын өткізді. Олар украиналық-германиялық жұп Надежда Киченок пен Анна-Лена Фридзаммен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарынан 6:7(3:7), 3:6 есебімен ұтылды.

Осылайша, Юлия Путинцева жеңіске таяқ тастам жер қалғанда сүрінді.

Қазақстандық-ресейлік жұп матч кезінде екі қос қателікке жол беріп, бірде-бір эйс жасай алмады. Ал олардың қарсыласы бір эйсті орындап, екі қос қателік жасады.

Бөлісу:
Юлия Путинцева Осакадағы турнирдің финалында сүрінді · Egemen Qazaqstan