Екі апта хабар-ошарсыз кеткен екі жасөспірім табылды
<p style="text-align: justify;">Жетісу облысында жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі апта бойы жүргізілген. Полицейлер мен еріктілер екі жасөспірімді іздеп тапты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
15 жастағы Ақерке Жолдасованың және 16 жастағы Әмір Тергеуовтің Үштөбе қаласынан хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз Қаратал ауданының полицейлеріне 6 қыркүйекте жазылған екен.
Кәмелетке толмағандарды жаппай іздестіру жұмыстарын полиция қызметкерлері, олардың туыстары, мектептің педагогикалық ұжымы және еріктілер жүргізген.
«19 қыркүйекте із-түзсіз жоғалғандардың орналасқан жері анықталды. Екі мектеп оқушысы да Шымкент қаласында екені белгілі болды. Полицейлер кәмелетке толмағандарды Үштөбеге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Екі жасөспірім де есен, дендері сау», деді Жетісу облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Журунов.
