Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы 18-қабаттан құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяның Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі мен полициясы 47 жастағы Қазақстан азаматының өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай 21 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25 шамасында болған. Қазақстан азаматы сырлау жұмыстары жүргізілгелі жатқан тұрғын үй кешенінің төбесіне қорғаныс тіректерін орнату кезінде 18-қабаттан құлап кетті.
Құлап кеткен азамат бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қаза болғанын айтты.
Сондай-ақ ол заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін. Сондықтан жұмыс беруші жазаға тартылмайтыны анықталды.
Қазіргі уақытта еңбек министрлігі еңбек қауіпсіздігінің бұзылған-бұзылмағанын анықтап жатыр, ал полиция қызметкерлері жұмыс орнында кісі өлтіру фактісі болған-болмағанын тексеріп жатыр.
