Ақмола облысында 1 градусқа дейін аяз болады
<p style="text-align: justify;">Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың шығысында және таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ) сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік пен шығыста екпінді жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында түнде 1-3 градус суық, түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетіне 1 градус аяз түседі.
Қызылорданың орталығында, шығысында және оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында жоғары өрт қаупі бар.
