Ауа райы
1 мин оқу 254
Алдағы үш күнде найзағай ойнап, жел соғады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан синоптиктері 26-28 қыркүйек күндері қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Болжам бойынша, таяу күндері еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклон ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болатыны болжанып отыр.
«Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Елдің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді», делінген хабарламада.
Бөлісу:
