Аймақтар
2 мин оқу 310

Қымыз бен бал мейрамы

<p style="text-align: justify;">Шығыста өшкеніміз қайта жан&shy;ған&shy;дай мәре-сәре күйдеміз. Осыдан он шақты жыл бұ&shy;рын дүркіреп өтіп тұратын &laquo;Туған жер &ndash; алтын бесігім&raquo; жобасы қайта қолға алынды. Бұл жолы Өске&shy;менде Өр Алтайдың өнерпаздары әннен шашу шашып, ауыл&shy;шаруашылық өнімдері жәрмеңке сөрелеріне қойылды.</p>

Қымыз бен бал мейрамы

Сенбінің таңында өске­мендіктер сонау Катон­қа­рағайдан бал мен қымыз келді деп, ауылшаруашы­лық жәрмеңкесіне асықты. Бір күн бұрын әншілері мен бишілері, қазыналы қарттары үлкен сахнада өнер көрсетіп, Өскемен өңірін ән-күйге бөлеген. Эстрада әндерін ерекше сарында құбылта шырқап жүрген «Мұзтау» этнотобы бұл жолы да көпшіліктің қо­шеметіне ие болды. Этно­әуен таулы жерге тән бе, көмей әншісі Еділ Құсайынов та сыбызғысын аңыратып, сахна төріне шықты. Аз ба, көп пе, әй­теуір 700 орындық «Ертіс» кон­церт залында ине шан­шыр орын болмады. Кон­церт бойы өнерпаздарға қи­қу қосып, қол соғудан жа­лық­паған ел әуелде Катон­қарағайдың бренд өнім­дерінен қойылған көрмені та­машалаған. Мұнда қыл­қалам шеберлерінің картиналарына да келушілердің назары ауды.

– Катонқарағай балы­мен, бұғысымен, қымызы­мен мұқым қазақ еліне белгілі аудан. Табиғаты қандай? Табиғатына қа­рай азаматтары да ерекше өнерлі. Оны дүркіреп өте шыққан концертте байқаған шығарсыздар, – деп лебізін білдірді Өскемен тұрғыны Ләззәт Қанатқызы.

Сенбілік жәрмеңке де бас­қа өңірлермен салыстыр­ған­да өзгеше өтті. Ұлттық спорт ­ойындарынан бөлек мықтылар бал көтеруден, қы­мыз ішу­ден сайысқа түс­ті. Отыз келі балды 40 рет Сұл­тан Амантай көтеріп, тұ­ғырдан көрінсе, екі литрлік қымыз­ды үзбей ішіп, бір уақытта тауысқан Мерей мен Рус­там бірінші орынды бөлісіп алды. Мұндай са­йыстар Ертіс жағасындағы амфи­­театрда да өтіп жат­қан. Айта кетерлігі, катонқа­ра­ғай­­­лық­тар Өскеменге 200 түп са­мыр­сын көшетін сыйға тартты. 

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Қымыз бен бал мейрамы · Egemen Qazaqstan