Саясат
2 мин оқу 206

Бразилия депутаттарымен кездесті

<p style="text-align: justify;">Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Бразилия Федеративтік Республикасы Ұлт&shy;&shy;тық конгресі Сенаты депутаттарының делегациясымен &ndash; &laquo;Бразилия &ndash; Қазақстан&raquo; достық тобының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында тарап&shy;&shy;&shy;тар пар&shy;л&shy;а&shy;ментаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.</p>

Бразилия депутаттарымен кездесті

Палата спикері меймандар­ға ілтипат білдіріп, Бразилия еліміздің Оңтүс­тік Америкадағы негізгі серіктес­терінің бірі екенін атап өтті және екі мемле­кет­тің көпжоспарлы ынтымақ­тасты­ғының маңызына назар аударды.

Сондай-ақ Сенат төрағасы қос ел арасындағы өзара қарым-қатынас­тың басым бағыттарының бірі парла­ментаралық байланыс екенін айтты. Бүгінде аталған байланысты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміз арасындағы достық пен өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға баса мән беріп ке­леді. Келешегі зор эко­но­­­ми­ка­лық байланысымыз бел­сен­ді сая­си ынтымақтастықты ны­ғай­та түсетіні анық. Қазақстан Пар­­ла­ментінің екі палатасында да Бра­зилиямен достық тобы құрылған. Мұндай қадам біздің екіжақты қарым-қатынасымыз­ға тың серпін беретіні сөзсіз. Сенат өз тарапынан елдеріміз арасындағы байланысты әрі қарай нығайтып, дамытуға белсенді ықпал етуге дайын», деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу барысында сауда-эконо­микалық және ин­вес­тициялық ынты­мақтас­тықты кеңейту мәселелерін талқылады. Бұл ретте екі елдің инвес­ти­циялық ахуалы ескеріле отырып, бірлес­кен жобаларды іске асыруға арнал­ған ұсыныстар айтылды.

Сенат төрағасы Салық ко­дексіне енгі­зілген өзгерістерді, Мемлекет бас­шы­­сының бастамасымен елімізде жүр­гізі­ліп жатқан және Жолдауда баян­дал­ған ма­ңызды реформаларды атап өтті.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев орнықты даму мәселе­леріне және Ор­нықты даму мақ­саттарының іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі пар­ламенттік комиссияның қыз­метіне жеке тоқталды.

Өз кезегінде Бразилия Ұлттық конгресінің депутаттары Анджело Марио Коронель де Азеведо Мартинс пен Чико Родригес көпжақты қарым-қаты­нас­тарды дамытуға мүдделі екен­дерін білдіріп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістердің тиім­ділігіне назар аударды.

Айта кетейік, елімізге сапар аясында Бразилия депутаттары сенаторлармен достық тобының 2-отырысына қатысып, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының және Алматы облы­сындағы басқа да нысандардың жұмысымен танысты. 

Бөлісу: