Ауа райы
1 мин оқу 200

Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

<div class="description" style="text-align: justify;">Синоптиктер 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div> <div class="content">&nbsp;</div>

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, республиканың қалған бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз Алматы облысының таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік жартысында найзағай ойнайды деп болжанып отыр.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз шығыс пен орталықта екпінді жел соғады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +19+21°С.

Шымкентте күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.
Бөлісу:
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады · Egemen Qazaqstan