Спорт
1 мин оқу 403

Бекзат Саттарханов атындағы дәстүрлі турнир басталды

<p style="text-align: justify;">Түркістанда І дәрежелі &laquo;Барыс&raquo; орденінің иегері, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир басталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков турнирдің ашылу салтанатында спортшының анасына құрмет білдіріп, қатысушыларға жеңіс тіледі, жаттықтырушыларды марапаттады.

Бекзат Саттархановтың анасы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Сырлыкүл Шойбекова ұлының жетістіктері туралы естелік айтып, турнирді ұйымдастырушыларға аналық алғысын білдірді.

Республикалық додада биыл қолғап түйістіретін 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында мықтылары анықталады. 175 спортшы сайысатын жарыс үш күн бойы өтеді.

Түрксітан облысы әкімі

Бөлісу:
Бекзат Саттарханов атындағы дәстүрлі турнир басталды · Egemen Qazaqstan