Спорт
1 мин оқу 433

«Альварес-Чарло» айқасы: Қазақстанның екі боксшысының нәтижесі

<p style="text-align: justify;">Бокс тарихында алғаш рет әлемнің екі абсолютті чемпионы арасында өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварес Америка өкілі Джермелл Чарлоны жеңіп, әлемнің абсолютті чемпионы атағын үшінші рет қорғап қалды. Бұл туралы &laquo;Спорт Шредингера&raquo;&nbsp;Telegram-арнасынан мәлім болды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еске салайық, Лас-Вегаста (АҚШ) өткен «Альварес-Чарло» айқасы өтетін кеште Қазақстанның екі боксшысы рингке шығатынын хабарлағанбыз. Нәтижелері белгілі болды.

Әлемнің абсолютті чемпиондары айқасқан кеште рингке шыққан Қазақстан боксшылары Бек Нұрмағанбет (10-0, 8КО) нигериялық Абимбола Осундаироны (5-0, 3КО) нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Ал Әбілхан Аманқұлдың (4-0-1, 4KO) америкалық Джошон Джеймспен (7-0-2, 4КО) жұдырықтасуы тең ұпаймен аяқталды.

Бөлісу:
«Альварес-Чарло» айқасы: Қазақстанның екі боксшысының нәтижесі · Egemen Qazaqstan