Тағзым
1 мин оқу 252

Алаш қайраткеріне құрмет

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Ресейдегі елшілігі көрнекті мемлекет және қоғам қай&shy;раткері Әлихан Бөкейханның қаза болған күнін еске алып, сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген Дон зиратындағы бауырластар қабірі&shy;не тағзым етті.</p>

Алаш қайраткеріне құрмет

«Алаш» партиясы көшбасшысының сүйек күлі көмілген жер өткен ғасырдың 90-жылдарының басын­да «Ату тізімдері: Дон зираты. 1934-1940» кітабы жариялан­ғаннан кейін ғана белгілі болған еді. Соған сәйкес Ә.Бөкейханды 1937 жылғы 27 қыркүйекте нақақ өлтір­гені, онымен бірге «ату тізіміне» ілінгендердің ішінде мемлекет қайраткері Нығмет Нұр­мақов та болғаны анықталды. Ә.Бөкейхан 1989 жылы мамырда КСРО Жоғарғы сотының қаулы­сымен қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Бөлісу:
Алаш қайраткеріне құрмет · Egemen Qazaqstan