Спорт
1 мин оқу 390

Милад Карими «Париж–2024» жолдамасын жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында спорттық гимнастикадан Қазақстан спортшысы Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими жарыс нәтижесінде көпсайыстан жеке өзіне лицензия берілген 8 гимнасттың бірі.

Аталған əлем чемпионатында Қазақстан спортшысы М.Карими алдағы күндері көпсайыста, еркін жаттығуда, керме жаттығуының финалында жүлдеге таласады.

Командалық жаттығу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы лицензия ала алмады.

Бөлісу:
Милад Карими «Париж–2024» жолдамасын жеңіп алды · Egemen Qazaqstan