Қоғам
1 мин оқу 230

Қызылордада ірі мөлшерде есірткімен ұсталғандар сотталды

<p style="text-align: justify;">Жергілікті полицейлер бұл екі азаматты былтыр 9 қап марихуанамен ұстаған болатын. Самара &ndash; Шымкент тасжолының Қармақшы ауданындағы Елшібай бекеті тұсында күндізгі жарық шамдарын жақпаған Toyota Camry 40 автокөлігін тоқтатып тексереді. Тексеру кезінде&nbsp; көліктің ішінен салмағы 42 келі 682 грамм мөлшерінде есірткі тапқан еді.</p>

Қызылордада ірі мөлшерде есірткімен ұсталғандар сотталды

Арал ауданына мал сатып алуға жол тартқан қызылордалық екі азамат қамалып, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Қармақшы аудандық соты үкімімен есірткіні қаптап тасыған екі азамат та  3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Қызылордада ірі мөлшерде есірткімен ұсталғандар сотталды · Egemen Qazaqstan