Айтыс
2 мин оқу 382

Өнердің ордасына айналғандай

<p style="text-align: justify;">Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімін иеленген кенді қала осы күндері өнердің де ордасына айналғандай. Қалада кейінгі сегіз жыл бойы республикалық айтыс өткізіліп келе жатқаны да соның айғағы іспетті. Биылғы &laquo;Кен қазған құтты мекенім&raquo; атты сөз сайысы қаланың 50 жылдық мерейтойына арналды.</p>

Өнердің ордасына айналғандай

Айтысқа еліміздің әр түкпірі­нен 14 айтыскер келіп, бақ сынады. Олар кенді өлкенің тарихын, бүгінгі же­тістігі мен кемшін тұстарын сөз­бен өрнектеді. Екі күн бойы залда ине шаншар орын болмағанынан-ақ айтыстың қандай деңгейде өткенін бағамдау қиын емес.

Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір өнерге жақын, өзі де өлең жазатын азамат. Оның айтыстың ашы­лу, жабылу салтанаттарын бір ауыз өлеңмен әдіптеп жібергені тіпті керемет болды.

Айтыс қорытындысында ақтөбе­лік Нұрбол Жауынбаев, павлодар­лық Рауан Қайдаров, астаналық Нар­тай Тілеуқұл, сәтбаевтық Абзал ­Мақаш, жамбылдық Алина Айдаралы, қы­зылжарлық Жарқын Жұпар­хан Алғыс­хатқа ие болып, әрқай­сысы 400 мың теңге сыйақымен мара­патталды.

Кенді өлкенің мақтаныштары, ақындар Кәкімбек Салықов пен Шын­болат Ділдебаев атындағы арнайы жүлделерге Батыс Қазақстан облысының ақыны Мұрадым Мир­ланов пен Абай облысының Айшол­пан Тілеутайы ие болды. Оларға 500 мың теңгелік сыйақы табысталды.

ІІІ орын иеленген павлодарлық Аспанбек Шұғатаев пен шымкенттік Нұрлан Есенқұловқа 700 мың тең­гелік, ІІ орын иегерлері – алма­тылық Айым Асылбекқызы және қызыл­ордалық Мұхтар Ниязовқа 1 млн теңге, І орын алған қарағандылық Дидар Қамиға 1,5 млн теңгелік сый­лық берілді.

Бас жүлде Қызылорда облысы­ның ақыны Мейірбек Сұлтанханға бұйырды. Ол айтыстың 2 млн теңге сыйақысын жеңіп алды.

Айтысты ақын, филология ғы­лым­дарының докторы, Парла­мент Мә­жі­лісінің депутаты Аманжол Әл­тай жүргізіп отырды. Ол айтыс өнерін насихаттауға қос­қан үлесі үшін «Сәтбаев қаласына – 50 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Ұлытау облысы,

Сәтбаев қаласы

Бөлісу:
Өнердің ордасына айналғандай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар